ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Абай атындағы негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Основная общеобразовательная школа имени Абая" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Шабар а.
+7 (718) 394 05 23
abaya@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Абай атындағы негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Основная общеобразовательная школа имени Абая" отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

WhatsApp Image 2023 04 30 at 17.19.54

 

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Абай атындағы негізгі жалпы білім беру мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1969 жылы ашылған. Мектеп 100 оқушыға есептелген. 2022-2023 оқу жылында 36 оқушы саның қамтиды, мектеп алды даярлық сыныбында 2 оқушы, жалпы қазақ ұлты - 35. Мектеп асханасы 30 орынға есептелген, мектепте оқушылар 100% ыстық тамақпен қамтылған, олардың ішінде 10 оқушы "Келешек" бағдарламасымен, 9 оқушы әртүрлі санаттағылар және 19 оқушы демеушілер тарапынан қамтылған. 

Мектептегі педагогтер саны -  жалпы 18. Жоғары білімді - 17 (94%), арнаулы орта білімді - 1 (6%), педагог-зерттеуші 4 (22%), педагог-сарапшы 2 (11%), педагог-модератор 5 (28%), педагог 7 (39%). 2022-2023 оқу жылында ағылшын тілі пәнінен 1 жас маман қабылданды. Мектептегі кәтапхана қоры пән оқулықтарымен көркем әдебиетті қоса алғанда 4300 дана құрайды. оқушыларды оқулықтармен қамтаммасыз ету 100% құрайды. Мектепте информатика кабинеті  23 компьютермен қамтамасыз етілген 3 оқушыға 1 компьютерден келеді. Барлық компьютерлер интернет ZEBRA  желісіне қосылған. Интернет жылдамдығы 10 мб/сек және DARYNONLINE, KUNDELIK цифрлық платформалармен жұмыстар жасалынады.

Аудан бойынша 2010 жылдан бастап Ұлы отан соғысы ардаргерлеріне және тыл еңбеккерлеріне " Естелік поезді" жобасы жүргізіледі. Бұл жоба атаулы мектепте 2012 жылдан бастап іске қосылды. 2021 жылы оқу жылында жаңа технологиялық құрылғылармен қамтылған биология кабинеті ашылды. Мектепте 2010 жылы 15 орынға есептелген  "Балапан" шағын орталығы ашылып, қазіргі уақытта 9 бүлдіршіннің шағын орталыққа келуде. Шағын орталыққа құрамына 2 тәрбиеші және 1 тәрбиешінің көмекшісі кіред. Шағын орталықтың ойын зонасы, асхана зонасы, дүкен, шаштараз зоналары бар. 

Мектепте спортзал болмағандықтан, тренажор кабинетімен қамтылған. Бұл кабинетте шахматтан, тоғызқұмалақтан сопрттық секцялар жүргізіледі. Ауылымызда 2021 жылы футбол алаңы салынып, денешынықтыру сабақтары жүргізіледі. Денешынықтыру пәні мұғалімі Сагитов Б.С педагог-модератор еңбек өтілі 21 жыл. Біздің оқушылар аудандық және облыстық тоғызқұмалақ, шахматтың бірнеше дүркін жүлдегерлері. 5-сынып оқушысы Абылайхан Аружан Республикалық шахмат сайысының жүлдегері.  

© 2024. Все права защищены.